Астана LRT ісі: Айыпталушылар 7–10 жылға түрмеге қамалады

Кейбіреуінің мүлкі тәркіленді


28/05/2021
18:17 42408 0

Фото: Астанадағы (Нұр-Сұлтандағы) бітпей қалған жеңіл рельсті транспорт желісі құрылысы. Фото: inbusiness.kz

 

Астанада (Нұр-Сұлтанда) сот қаладағы LRТ құрылысына бөлінген мемлекет ақшасын жымқырды деп айыпталғандарға үкім шығарды. Олардың барлығы жеті жылдан он жылға дейін түрмеге қамалды, кейбіреуінің мүлкі тәркіленеді. Мұны Vlast хабарлайды

 

Айыпталушы жетеу, тағы екеуі — Астана (Нұр-Сұлтан) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан елден қашып кеткен еді, оларға халықаралық іздеу салынды. 

 

Прокурор айыпталғандарға 7–11 жыл түрме жазасын беруді және мүлкін тәркілеуді сұраған. 

 

Сот құрылысқа бөлінген 5,8 миллиард теңге ұрланған деп отыр. Алғашқы сот отырысы 2020 жылғы қазанда өтті, 28 сәуірде үкім шығуға тиіс болған, бірақ 27 сәуірде судья сот тергеуі қайта басталғанын хабарлады. 

 

Астана LRT — сол жағадан аэропорт пен теміржол вокзалына дейін адам таситын жеңіл рельсті транспорт жүйесі. Жоба үшін Қазақстан Қытайдың мемлекеттік дамыту банкінен 1,5 миллард доллар қарыз алған. Сол кезден бастап-ақ жұрт құрылысқа тым көп ақша бөлінді деп сынға алды.


Бұл іс — Қазақстанда кейінгі жылдары болған ең ірі жемқорлық ісі. Біз бұрын бұл туралы толығырақ жазғанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

28/05/2021 18:17
42408 0

Уведомление